Қоғамдық іскерлік

Жалғыз басты аналарға, сондай-ақ мүгедектерге, жұмыс табу өте қиын.  Олардың көбісінің қажетті дағдылары жоқ немесе олар балаларын бағуға немесе мүгедектігіне байлан

ысты өздеріне сай келетін жұмысты таба алмай жүреді. Көптеген аналар өздерінің күнделікті қажеттіліктерін жүзеге асыруға қиналады.

Қамқор Жүрек қоғамдық қорының мақсаттарының бірі — оқыту, жұмысқа орналастыру және сатуға болатын бұйымдарды өндіру және осылайша, қордың қажеттіліктеріне арналған пайданы қайтару.

Қазіргі уақытта, әйелдерге тігу және пішу дағдыларын үйрететін бірнеше тігу / пішу шеберлері бар.  Жүн басу — жүнді матаға айналдырып, одан кілем тоқуға, қабырға бұйымдарын, шәркейлерді,кәдесыйларды және басқа да тоқыма бұйымдарын жасауға арналған дәстүрлі өнер түрі.

Дағдыларға үйрену кезінде, әйелдер бір-бірімен уақыт өткізіп, кедейліктен құтылуға мүмкіндік бермейтін өмірлік мәселелерін талқыға салады.  Әлеуметтік қызметкер әрбір әйелдің өмірлік мақсаттарын анықтауға және өмірін жақсарту жолында еңбек етуіне де көмектеседі.

Олардың орындаған жұмыстарын қолдау үшін біздің www.J127Ranch-store.org интернет-дүкенімізге кіріңіз.