Жұмысымыздың сапасы, айналадағы адамдардың өмірін өзгерте алатын ақжүрек, қамқор және білікті қызметкерлердің арқасында ғана қамтамасыз етіле алатынын білеміз. Әркімге білім алу және өсу мүмкіндігін беруге талпынамыз.
Басқа да бос жұмыс орындарымен салыстырғанда, Қордағы жұмыс – нақты міндеттерді орындаумен ғана шеттеп қалмай, қордың көзқарасын, миссиясын және мақсаттарын қолдауды көздейді. Қоғамдастықтың барлық мүшелері оқуға және жаңа білім алуға ашық бола отырып, басқаларды оқытуға және оларға жөн сілтеуге талпынғанын қалаймыз.
Егер сіз біздің командаға қосылуды қаласаңыз, онлайн-өтінімді толтырыңыз.
Мамандардың дәмелері мен біліктілігі – Негізгі құндылықтар
Командалық жұмыс: Командамен және адамдармен тиімді түрде өзара іс-қимыл жасайды және олармен құрметті қарым-қатынас орнатады.
Коммуникация: Өнімділікті арттыру үшін тиімді түрде өзара іс-қимыл жасайды және құрметті қарым-қатынас орнатады. Бұл мейірімділіктің, адалдықтың, қолдаудың, сындарлы түзетулердің, туындайтын мәселелерді шешуді, белсенді түрде тыңдаудың және тиісті ақпарат алмасудың арқасында жүзеге асырылады.
Дау-жанжалдарды шешу: Туындайтын мәселелерді шешу үшін сындарлы тәсілдемелерді іздейді. Дау-жанжалдарды / түсініспеушіліктерді тез арада және жеке тұрғыдан өсу үшін де, команда үшін де пайдалы болатындай шешуге тырысады.
Адалдық және адал ниеттілік: Шыншылдықпен, туралықпен, бейілділікпен, адалдықпен және шынайылықпен ерекшеленетін жеке және кәсіби жүріс-тұрыстың жоғары стандарттарын ұстанады. Жалғансыз, алдаусыз, алаяқтықсыз, ұрлаусыз және т.б.
Өзгерістерге бейімделу: Жаңа ойлау салтын және жаңа жұмыс әдістерін меңгеруге деген дайындықты көрсете отырып, өзгерістерге жағымды жақтан ден қояды.
Өзара сыйлау және мойындау: Адамдардың ұйымдағы лауазымына, этникалық тиістілігіне, жынысына немесе дініне қарамастан, оларды өзара сыйлауға және оларға қамқорлық көрсетуге ықпал етеді. Қоғамның дамуына және басқаларды сыйлап, мойындауға ықпал ететін бастамаларға әсер етеді.
Қауіпсіздік: Жұмыс орнын таза ұстау және оған қандай да бір қауіпті заттарды қоймау арқылы, қауіпсіз және тыныш физикалық ортаны қамтамасыз етуге ықпал етеді. Қауіпсіз физикалық ортаға үстеме ретінде, біз қауіпсіз эмоциялық ортаны да құруға талпынамыз.
Сапа: Әрбір жұмысты жоғары стандарт пен сапаны қамтамасыз ете отырып орындауға тырысамыз.
Жауапкершілік / Мақтаныш: орындалатын барлық жұмыстарға қатысады, сондай-ақ қызмет, абырой-бедел және жұмыс пен клиенттерді қорғау үшін жауап береді. Сапалы түрде орындалған жұмысты мақтан тұтады.
Басшылық / Жеке жауапкершілік: Өзіне сеніп тапсырылған жабдықтар мен ресурстарға мұқият, жауапты және тиісті түрде қамқорлық көрсетеді, бір нәрсенің бұзылғанын немесе сынғанын мойындайды және нұқсан дұрыс емес немесе қасақана қолданудың нәтижесі болса, оған өтемақы төлейді.
Басқару құрылымы
“Жоғарыдан төменге” ұстанымы бойынша басқару құрылымы – “жауапты” адамдары және қандай да бір жауапты тұлғаға бағынатын адамдары бар дәстүрлі модель болып саналады. “Менеджерлер”, “супервизорлар” және тіпті “директор” деген негізгі позицияларымыздың бар болғанына қарамастан, біз командадағы серіктестеріміздің қабілеті пен дарындары ең жақсы түрде ашып көрсетілетін және олардың ортақ көзқарасқа қол жеткізу мақсатымен бірге өсуіне, оқуына және жұмыс істеуіне мүмкіндік берілетін ортаны жасағымыз келеді.
Егер сіз біздің командаға қосылуды қаласаңыз, онлайн-өтінімді толтырыңыз.