Философия мен Көзқарасымыз

Жанұя инфрақұрылысы – дені сау қоғамның ең басты көрсеткіштерінің бірі. Ұлғайып және де гүлденіп келе жатқан қоғам дегеніміз – жанұялары түгел, бірге жақсы өмірге ұмтылатын, бірі-бірін және балаларын қолдап, қоғамды жақсартуға тырысатын жанұялары бар қоғам. Жанұялардың амандығына қауіп төндіретін қоғамдық факторларға жоғары дәрежедегі жұмыссыздық, оқу орындарының жетіспеуі және де коррупция кіреді. Бұл қоғамдық факторлар салдарынан адамдар мен жанұялар күйзеліске ұшырап, зорлық, баласын тастап кету, айырылысу мен өзіне-өзі қол жұмсауға әкеледі. Аталған ықпалдар жанұяларды әлсіретіп, зорлық пен балалардан бас тарту кезеңін бастайды. Оларға кезінде назар аудармаса, қоғамдық мәселелер көбейіп, қоғамның құлдырауына әкеліп соғады.

Еліміздегі халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобына – жетім балалар, жалғыз басты аналар, дене кемістіктері бар адамадар, жесір және жасы үлкен адамдар жатады. Махатма Ганди: «Ұлттың ұлылығы мен моральдық прогресін – ол ұлттың жануарға деген көзқарасымен өлшеуге болады» – деген. Бұл ойды келесідей жалғастыруға болады: ұлттың қоғамдағы ең әлсіз мүшелеріне деген көзқарасымен өлшенеді. «Қамқор Жүрек» жағдайы төмен адамдарға, олар өздерінің қоғамға деген маңыздылығын сезіну және өмір сүру жағдайларын жақсартуда қолдау көрсету үшін құрылған.

Біздің миссиямыз

“Барша халқы бірін бірі жан-жақты дамытып, бірі біріне күш берердей өзара әрекеттесетін және де өзіндік жаратылу табиғатына сәйкес ерекше жан болып өсетіндей қоғам құру”

Біз бір-біріміздің тіршілігімізге арнайы ниетпен және нақты мақсатпен қатысамыз.

Біз бір-біріміздің тағдырымызды қамымызды ойлап, қолдап, әлпештеп, кешіріп, бір-бірімізден үйреніп те үйретіп те, дарын мен шеберлікті дамытуға атсалысу арқылы байытамыз, қоғамға қабілеттілік, ұлты немесе діні, жынысына қарамай қол ұшын береміз.

Біз халайық өткен кездегі көрген қиянаттарын жазатындай мүмкіншілік беру арқылы, әрбір адам өзіндік құндылығын көріп, мақтан тұтатындай күш беру арқылы қауіпсіз де қолдайтын ортаны тудырып ерекше күш береміз.