Біз кімге көмектесеміз
Біз балалар үйінің түлектеріне, жалғызбасты аналарға және ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсетеміз. Әйелдер мен балалармен жұмыс істей отырып, олардың өмірінде оң және тұрақты өзгерістерге ықпал етуді мақсат етеміз. Біздің көмегіміз тек қана азық-түлікпен, киіммен және баспанамен қамтамасыз етумен шектелмейді: қор мамандары көмек сұрап келген жандардың эмоционалдық жай-күйіне, медициналық жағдайына және білім алу қажеттіліктеріне де ерекше назар аударады. Біз әйелдер мен балаларға қауіпсіз әрі қолдаушы орта ұсынып, олардың тұрақтылыққа қол жеткізуіне және өз болашағын құру үшін қажетті өмірлік дағдыларды меңгеруіне жағдай жасаймыз.
Біздің жұмыс
Күндізгі бағдарлама
Біз академиялық және әлеуметтік қолдауды қажет ететін балаларға көмек көрсетеміз. Бұл балалардың ата-аналары көбінесе өмірлік қиын жағдайларға тап болған, олардың кейбірі өздері балалар үйінде тәрбиеленген. Күндізгі бағдарлама балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ұйымдастырылған. Бағдарламаға әсіресе мектеп жасына дейінгі және бастауыш сыныптағы балалар қатысады. Біз әр баланың даму деңгейін бағалап, жас ерекшелігіне сай жетістіктерге жетуіне көмектесеміз. Сонымен қатар, балаларға дұрыс тамақтану, қимыл-қозғалыс және ойын арқылы ми мен дене дамуына қажетті жағдай жасаймыз. Жаз мезгілінде біз балалардың дамуына, демалуына және әлеуметтік дағдыларын нығайтуға бағытталған арнайы Жазғы бағдарламаны өткіземіз.
Уақытша баспана
Уақытша баспана бағдарламасы жалғызбасты аналар мен балалар үйінің түлектеріне арналған. Бұл бағдарлама болмаса, олар баспанасыз қалуы мүмкін еді. Бағдарламаның мақсаты - әйелдер мен олардың балаларына қауіпсіз әрі тұрақты орта ұсынып, өмірлік маңызды дағдыларды дамытуларына мүмкіндік беру. Осылайша, олар болашақта өздерін және баласын (балаларын) өз бетімен қамтамасыз ете алатын деңгейге жетеді. Сондай-ақ бұл бағдарлама отбасында тұрақты орта қалыптастыруға мүмкіндігі жоқ, қосымша қолдауды қажет ететін балаларға көмек көрсетеді.
Күндізгі және тұрғын үй бағдарламасына қатысатын балалар келесі қолдауға ие болады: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім беру; қажет болған жағдайда логопедиялық көмек, физикалық және психологиялық терапия; дұрыс тамақтану, әлеуметтік дағдыларды дамыту және белсенді ойын арқылы жан-жақты дамуға жағдай жасау; сабақтан тыс іс-шараларға қатысу және ең маңыздысы - мейірімге, қамқорлық пен қолдауға толы ортада өсу мүмкіндігі.
Кәсіпкерлік
Жұмыс орындарын ашу, органикалық тағам өндіру және шағын бизнестен түскен табыс арқылы операциялық шығындарды ішінара өтеу мақсатында “Қамқор Жүрек” қоры бірнеше кәсіпкерлік бастамаларды дамытып келеді:
1) Арахис пастасы: “Altyn Zhangak” брендімен шығарылатын бұл өнім - 100% табиғи арахис пастасы. Ол қорда өндіріледі және қазіргі уақытта жергілікті дүкендерде сатылады;
2) Аквапоника және микрожасыл өнімдер: бұл бағыт қорды пайдалы тағаммен қамтамасыз етіп, сондай-ақ жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта қор балғын көкөністер мен балықты жергілікті мейрамханалар мен азық-түлік дүкендеріне жеткізуді жоспарлап отыр.
Егер сіз осы бастамалар туралы толығырақ білгіңіз келсе немесе қолдау көрсетуге не инвестиция салуға ниетіңіз болса, бізбен байланысуыңызды сұраймыз: [email protected].
Өмірлік дағдылар
Бұл бағдарлама аясында біз әйелдерге маңызды еңбек дағдыларын меңгеруге, әлеуметтік қабілеттерін дамытуға, бала тәрбиесінің тиімді әдістерін үйренуге, сондай-ақ өз күшіне сеніп, отбасы үшін жақсы өмір құруға деген сенім қалыптастыруға көмектесуді мақсат етеміз. Оқыту бағдарламасына: тігін, киіз басу, тамақ әзірлеу және тазалық жұмыстары сияқты бағыттар кіреді. Әйелдер жалақы алады, ал олардың балалары Күндізгі бағдарламаға қатыса алады. Бұл аналарға жұмыс істеуге мүмкіндік беріп қана қоймай, балаларымен бірге болуға да жағдай жасайды. Бағдарламаның басты мақсаты - әйелдердің өз өмірін жақсартуға мүмкіндік беретін мықты негіз қалыптастырып, мақсаттарына жету жолында қажетті білім мен дағдылармен қамтамасыз ету.
Қосымша қолдау ретінде келесі қызмет түрлері ұсынылады:
- киім-кешекпен қамтамасыз ету;
- азық-түлік өнімдерін беру;
- баспанаға қатысты шұғыл көмек көрсету;
- құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру;
- құжат рәсімдеуде қажетті жәрдем ұсыну.
Қоғам дамуына қосқан үлесіміз
“Қамқор Жүрек” қордың қызметі арқылы біз айналамыздағы әлемге оң әсер етуге ұмтыламыз. Біздің үлесіміз сандармен:
Қосымша ақпарат
Біздің 27 қызметкеріміз отбасыларын жалғыз қамтамасыз етеді.
2015 жылдан бері 543 адамға тамақ, киім, тұрғын үй, заңгерлік көмек, құжаттармен көмек, медициналық көмек, киім-кешек, жұмысқа орналастыру және бала күтімі бойынша көмек көрсетілді.
2015 жылдан бастап 1091 бала жақсы тамақтану, академиялық қолдау және даму кезеңдеріне жетуге көмек алды. Мұның бәрі балалар өз әлеуетін толық ашу мүмкіндігін арттыру үшін сүйіспеншілікке толы ортада өтті.
Пайдаланылған киімдер, аяқ киімдер, ойыншықтар және т.б. салынған екі 40 футтық контейнер жөнелтілді.
Біздің оқиғалар
Зебо
Зебо "Қамқор Жүрек" қорының үй менеджері. Ол жақсы қызметкер, мұғалім және өзімен бірге жұмыс істейтін адамдарға қолдау көрсетеді.
Гүлжамал
Қазіргі кезде Гүлжамал "Қамқор Жүрек" қорында мұғалім болып жұмыс істейді және Күндізгі бағдарламаға қатысатын балалардың өміріне оң үлес қосуда.
Әсел
Әсел 2019 жылы "Қамқор Жүрек" қорына жұмыс іздеп келді. Аудармашы мамандығы бойынша білікті, ол басқа қалада ауысыммен жұмыс істеді, бірақ отбасын 14 күнге тастап кету қиынға соқты.
Ольга
Ольга 2023 жылдың соңында жұмыс іздеп "Қамқор Жүрек" қорына келді. Бес ұлдың анасы, ол ауылда жұмыс таба алмай, қиын жағдайда қалды.
Оң өзгерістер үшін
қайырымдылық жасаңыз
Сіздерді бізбен қаржылық серіктес болуға шақырамыз! Бір реттік сыйлық, ай сайынғы қолдау немесе нақты қажеттілікке әлде жобаға көмек - әр қайырымдылық қордың атқарып жатқан жұмысты жалғастыруға көмектеседі.
Оң өзгерістер үшін
қайырымдылық жасаңыз
Сіздерді бізбен қаржылық серіктес болуға шақырамыз! Бір реттік сыйлық, ай сайынғы қолдау немесе нақты қажеттілікке әлде жобаға көмек - әр қайырымдылық қордың атқарып жатқан жұмысты жалғастыруға көмектеседі.