Әсел "Қамқор Жүрек" қорына 2019 жылы жұмыс іздеп келді. Ол аудармашы мамандығы бойынша басқа қалада ауысыммен жұмыс істеді, бірақ отбасын 14 күнге тастап кету қиынға соқты. Төртінші баласы дүниеге келгеннен кейін, ол отбасы үшін жиі кету әділетсіз екенін түсінді. Ол қорға жұмысқа орналасқан кейін, алғашқы күні-ақ: "Мен мейірімділік пен қамқорлық атмосферасын сезіндім. Достар мен жақын адамдарды таптым", - деп айтты. Қорда жұмысқа қабылданғаннан кейін бір айдан соң 9 айлық қызына күтім жасауға көмектескен қайын атасы қайтыс болды. Жақын адамынан айырылу және басқа да жағдайлар салдарынан Әсел не істерін білмей, күйзеліс пен депрессияға түсті. Ол: "Қамқор Жүрек маған күндізгі бағдарламаны ұсыну арқылы тағы да көмектесті, сондықтан мен қазір жұмыс істей аламын және балаларыма жақын бола аламын", - деп хабарлады. Жұмыс пен бала күтімінен басқа, "Қамқор Жүрек" Әселге киіммен көмек беріп, басқа қажетті шығындарды үнемдеу үшін көмек берді. Әсел балаларына "жақсы күтім жасалып, денсаулықтары мықты, жылы шырайлы және көптеген нәрселерді үйреніп жатқаны" үшін күндізгі бағдарламаны бағалайды. Әсел өзінің өте жақсы көретін жұмысы бар екенін және ол өзіне көбірек сенімді болып келе жатқанын айтады. Ол былай айтады: "Қамқор журекке келгеннен дейін мен ешқашан «Мен кіммін?», «Қайда бара жатырмын?», «Мен шынымен не қалаймын?» деген сұрақтарды ойлаған емеспін. Мен өз-өзімнен қаншалықты жиі бала сияқты әрекет ететінімді және қаншалықты жиі ересек адам рөлінде болатынымды сұраған емеспін. Енді артқа қарасам, мен ақыл-ой және эмоционалдық тұрғыдан қаншалықты бала сияқты болғанымды түсінемін. Енді мен не қалайтынымды білемін. Қайда баратыныңды білген кезде алға жылжу оңайырақ. Сондай-ақ, мен балаларымдағы көптеген өзгерістерді көре аламын. Үлкен қызым жазда мұғалімнің көмекшісі болып жұмыс істеді. Бұл тәжірибе оған жетілуіне, жауапкершілікті арттыруға және қандай мамандықты таңдағысы келетінін түсінуге көмектесті. Күндізгі бағдарламаға келгенде 6 жастағы қызымның достары болмаған және ұялшақ еді. Қазір оның көптеген достары бар, ол бақытты және күні бойы сөйлесе алады. "Қамқор Жүрек" бағдарламасына алғаш келгенде 11 айлық болған қызым қазір 3 жаста. Ол ақылды және дені сау кішкентай ханым. Ол көп нәрсені үйренді және мен оның қаншалықты ақылды және тапқыр екенін көргеніме қатты қуаныштымын. Оған қоса менің басқалармен қарым-қатынасым жақсарды, себебі шекаралар, эмоциялар және т.б. туралы түсінбеушілігім қиындық тудырып жатқанын түсіндім. Өмірімде "Қамқор жүрек" қордың бар екеніне өте ризамын. Қордың жұмысын қолдайтындарға да мен өте ризамын. Бұл орын тек қиын жағдайдағы адамдардың физикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмектесетін жер ғана емес, сонымен қатар балалардың өміріне де үлес қосып, оларға жақсы болашаққа үміт сыйлайды, ал аналардың саналы, сенімді ересек болуына көмектеседі".