Біздің оқиғалар

Гүлжамал

Гүлжамал 1991 жылы Өзбекстанда дүниеге келген. Ол әжесімен, әкесімен және анасымен бірге тұрды. 1995 жылы ағасы дүниеге келді және олар бақытты отбасы болды. 2006 жылы анасы егіздерді дүниеге әкеліп қайтыс болған кезде қайғылы жағдай болды. Әжесі анасының қайтыс болуынан көп ұзамай қайтыс болды. Сол кезде Гүлжамал небәрі 15 жаста еді, егіз бауырларына қарап, үй шаруасының бәрін өзі атқарды. Оның мектепке баруға уақыты болмайтын, сабақтарды көп жіберетін. Бір жылдан кейін әкесі қайтадан үйленді, ал жаңа әйелі ағаларына қамқорлық жасады. Гүлжамал 2010 жылы тұрмысқа шықты, оның күйеуі Қазақстаннан болғандықтан, олар көшіп кетті. Гүлжамал 2011 жылы ұлын, 2013 жылы қызын және 2015 жылы тағы бір ұлын дүниеге әкелді. Бір жылдан кейін күйеуі жол апатынан қайтыс болды. Күйеуінің туыстары Гүлжамалды өз үйлерінде қабылдамайтындарын айтты. Гүлмажамлдың әкесі де оны өз үйінде күтпейтінін түсінді. Ол жақсы адам деп ойлаған еркекпен қайтадан отбасы құратынын ойлап, тұрмысқа шықты. Алайда, ол еркек жақсы адам болмаған. Ол әйелін қорлап қорқытатын. Сондықтан өзін және балаларын қорғау үшін Гүлжамал қашып кетті. 

Гүлжамалдың досы оған "Қамқор Жүрек" қоры қиын жағдайдағы аналарға көмектесетінін айтқаннан кейін, ол қорға жолықты. Оның жағдайын естігеннен кейін, "Қамқор Жүрек" оны қабылдап, тамақ пен киіммен қамтамасыз етіп, балаларын мектепке орналастыруға көмектесті. Жұмысы болмағандықтан, оған жұмыс берілді. Ол өте еңбекқор болды. Гүлжамал былай деп айтады: "Элизабет менімен күн сайын сөйлесіп, Виктория ағылшын тілінен сабақ беріп отырды. Олар бізге өте жақсы қамқорлық жасады. Балаларға арналған күн сайын әртүрлі ойындар мен іс-шаралар өткізілді. Бұл менің балаларыма өздерін қауіпсіз және тұрақты сезінуге көмектесті. Біз алғаш рет "Қамқор Жүрекке" келгенде, балаларым қатты күйзелісте болатын, ешкімге сенбеді, басқалардан қорқатын және жиі жылайтын. Ал қазір олар жақсы оқиды, өздеріне сенімді және өз ойлары мен сезімдерін еркін айта алады. Мен де қатты өзгердім. Мен аналарға арналған апта сайынғы тренингтерге бардым, онда өзімді қабылдауды және сүюді, өз-өзіме сенімді болуды, балаларыма қамқорлық жасауды, басқалардың пікірлерін ескеруді, балаларымды тыңдауды, басқалардан қорықпауды, ақшаны дұрыс басқаруды және тағы басқа дағдыларды үйрендім. "Қамқор жүрекке" келгенге дейін мен өте сенімсіз едім, қорқатынмын және басқаларға сенбейтінмін, көп жылайтынмын, эмоцияларымды басқара алмайтынмын. Мен баспанасыз және жалғыз қалған едім, бұрынғы күйеуім менің атыма алған несиесі де бар еді. "Қамқор жүрек" бізге тұрғын үй көмегін берді - біз қорда 6 ай тұрдық. Осы уақыт ішінде мен несиемді жаптым және өз пәтеріме көшуді жоспарлай бастадым. Мен "Қамқор жүрек" ұйымына, Элизабетке, Викторияға және қордың жұмысын қолдайтын баршаға өте ризамын. Олар маған қиын жағдайдан шығудың жолын көрмеген кезде, кімге сенерімді немесе кімнен көмек сұрарымды білмеген кезде көмектесті. Олар маған тұрғын үй, жұмыс, киім, тамақ, эмоционалдық қолдау көрсетті. Мен өзімді бағалы, қамқор, сүйікті сезіндім және психологиялық көмек алдым. Осылайша мен аяғыма тұрып, жақсылыққа сеніп, сенімді болып, балаларыма өзім қамқорлық жасай аламын".

Қазіргі кезде Гүлжамал "Қамқор Жүрек" қорында мұғалім болып жұмыс істейді және Күндізгі бағдарламаға қатысатын балалардың өміріне оң үлес қосуда. 

Scroll to Top

Лаура және Джон

Лаура Эйссес пен оның күйеуі Джон Солтүстік Каролина штатының Гринвилл қаласында тұрады. Олардың Тайлер атты ұлы, Анна мен Элли атты қыздары және оларға қыздары секілді болып кеткен қытайдан келген студент қызы бар. Лаураның психология мамандығы бойынша бакалавр дәрежесі, сонымен қатар балаларды дамыту және мектеп психологиясы бойынша магистр дәрежесі бар. Лаура бірнеше жыл бойы Орегон штатының Портленд қаласындағы мемлекеттік мектептерде мектеп психологы болып жұмыс істеді. Лаура Джонмен бірге Алматыдан қыздары Аннаны, ал Ресейден Эллині асырап алды. Содан кейін ортақ досы Джон мен Лаураны "Қамқор Жүрек" қорымен байланыстырды.

Талғат және Мадина

Madina was born in Merke, Kazakhstan, and raised by a single mother, which gave her a deep understanding of the challenges of growing up without one parent. She holds a Bachelor’s degree in Social Work but has dedicated over 14 years to working with children in a Kindergarten setting. Her passion for nurturing and guiding young minds has been at the heart of her professional journey.

As someone who values the well-being of children and families, Madina strongly believes that young mothers—especially those who grew up in orphanages or face difficult circumstances—need psychological and practical support. She is passionate about helping them navigate motherhood with the care and encouragement they deserve.

Madina is married and is a loving mother to four boys. She finds joy in family life and continues to embrace opportunities to support and educate children.

Юлия Льдокова

Юлия Льдокова - Алматы қаласында туып-өскен және жасөспірім кезінен бастап жетім балаларға қамқорлық жасауды бастаған. Ол 12 жылдан астам уақыт бойы жетім балаларға тәлімгер болды және көптеген жастардың өміріне әсер етті. Ол Алматыдағы Қазақ-Неміс университетінде халықаралық қатынастар бакалавры дәрежесіне және КИМЭП университетінде білім беру саясаты және менеджменті бойынша магистр дәрежесіне ие. Ол дарынды аудармашы және КИМЭП-тегі аударма бөлімінде жұмыс істейді. Әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға көмектесу ниетінің арқасында ол "Қамқор Жүрек" қоғамдық қорының жұмысына көмек көрсетіп, жиі барып, арнайы жобаларға қаражат жинады. 2017 жылы ол "Қамқор Жүрек" қорына құрылтайшыларының бірі ретінде ресми түрде қосылды. Юлия көптеген балалар мен қызметкерлердің өміріне белсенді қатысады.

Виктория Шарбону

Виктория өзін "барлық істі аздап білетін, еш істің шебері емес" деп сипаттайды. Шынын айтқанда, ол көптеген таланттар мен қабілеттерге ие әйел. Оның әр түрлі өмірлік тәжірибесі бар. Ол сүт фермаларында, ветеринарлық клиникаларда, құрылыста жүмыс істеді және Вирджиния Университетінің ESL (екінші тіл ретіндегі ағылшын тілі) кафедрасында сабақ берді. Ол балалармен, әсіресе қоғам жиі назардан тыс қалдыратын балалармен жұмыс істеуге ерекше қабілеті бар дарынды суретші. Виктория адамдармен, әсіресе балалармен жүрек деңгейінде байланыс орнату үшін ерекше жаратылған сияқты. Ол асырап алушы ана болды, баспанасыз қалған адамдармен жұмыс істеді және өз балалары өсіп келе жатқанда алмасу студенттері үшін қабылдаушы отбасы болды. 2000 жылы Виктория алғаш рет Қазақстандаға сапармен келіп балалар үйіне барды. Содан кейін ол жыл сайын қысқа мерзімді сапарлармен келіп, 2009 жылы Қазақстанға көшіп келді.

Элизабет Турнок

Элизабет өзін көптеген армандары бар адам ретінде сипаттайтын, олардың барлығын орындау үшін 10 өмір қажет болатын сияқты. Ранчо туралы арманы жасөспірім кезінде басталған. Өскенде не істегісі келетіні туралы сұрағанда, ол: "Жылқылары мен аз қамтылған балалары бар ранчо ашу" деп жауап беретін ол. Сол арманы содан бері дамып келеді. Элизабеттің әлеуметтік жұмыс бойынша бакалавр дәрежесі бар және ол 13 жыл бойы қорланған, қараусыз қалған және құқық бұзушы балалармен жұмыс істеді. Оның қызығушылығы әкімшілік жұмысы және шағын бизнесті дамыту. Ол әсіресе басқа адамдардың өздерінің толық әлеуетін тануына көмектесуді ұнатады. 2000 жылы Элизабет Викториямен бірге Тараз қаласындағы балалар үйіне барды. Ол да Қазақстан мәдениеті мен халқына ғашық болды. 2003 жылы ол Қазақстанға көшіп, 2012 жылдың қаңтарында "Қамқор жүрек" жобасын жүзеге асыру үшін ол Викторияға қосылды.

Амелия Фокс

Амелия - Министрліктің кеңес беру тобының төрайымы. Ол Дэвидсон колледжінде психология бакалавры және Йель университетінің басқару мектебінде MBA дәрежесіне ие. Амелия - жеке, коммерциялық емес және мемлекеттік секторларда ұйымдастырушылық өзгерістерді басқару тәжірибесі бар стратегиялық, кәсіпкерлік және аналитикалық басшы. Ол Тампа-Бейде тұрады және жұмыстан тыс уақытын бейсбол алаңдарында, жасөспірім ұлымен бірге балық аулап немесе достары мен отбасы үшін әртүрлі тағамдарды пісіріп өткізеді. Амелияның "Қамқор жүрек" қоры жұмысына қызығушылығы ол 2009 жылы Астанадан ұлын асырап алған кездегі жеке тәжірибесінен туындайды. Ол балалар үйіндегі өмірді өз көзімен көрді және тарихи мәдениетті сақтауға, сонымен бірге Қазақстандағы балалар мен қиын жағдайдағы аналардың өмірлеріне оң әсер тигізетін мүмкіндіктерге ие болуын қамтамасыз етуге тырысады.

Джимми және Пэтти Хендрен

Джимми мен Пэтти 2020 жылдың қаңтарынан бастап кеңесшілер тобының мүшелері болып табылады. Джимми мен Пэтти Миссури штатының тұрғындары, алдағы маусымда некелерінің елу жылдығын тойлайды. Олар төрт баланың ата-анасы, олардың ішінде 2007 жылдың маусым айында Тараз қаласындағы "Үміт" сәбилер үйінен асырап алған Анастасия атты қыздары бар. Алдағы мамыр айында Анастасия қоғамдық колледжді бітіріп, дәреже алады. Олар көптеген жылдар бойы діни қызметте белсенді болды, ал қазіргі уақытта өз шіркеулерінде жетекшілер болып қызмет етеді. Олар 2013 жылдан бастап "Қамқор Жүрек" қорының кеңесшілер тобының белсенді мүшелері.

Эрин және Кит Мартин

Эрин мен Кит Пенсильванияның Көк тауларында тұрады. Олар үш биологиялық ұл мен екі асырап алған қыз тәрбиелеп өсірді. Кит көптеген жылдар бойы бизнес-бухгалтер болып жұмыс істеді. Қыздарын асырап алғаннан кейін Эрин асырап алу агенттігіне әлеуметтік медианы басқару және балаларды қорғау саласында жұмыс істеуді бастады. Қазір олар жеңілдікпен сататын азық-түлік дүкендерінің иелері ретінде бірге жұмыс істейді. Бос уақыттары болған кезде Кит жаяу серуендегенді, ал Эрин қолына камерасын алып, фото жасауды ұнатады. Олардың үлкен қызы 2008 жылы Оралдан асырап алынғандықтан, отбасының Қазақстанмен жеке байланысы бар. Олар адамдарға қамқорлық жасау Құдайдың жүрегіне жақын деп сенеді. Сондықтан олар жақында "Қамқор Жүрек" қорына барғанда, ондағы балаларды жақсы көріп қалды. Олар Элизабет пен Викториямен тығыз қарым-қатынас орнатты және "Қамқор Жүрек" қорының жұмысын ынтамен қолдады.

Oksana Khliustov

Oksana was born in Shakhtinsk, Kazakhstan. In 1997, she immigrated to the US with her family. She has a BA in Liberal Studies from California State University, Sacramento and a MA in Educational Leadership from Gateway Seminary. Oksana has spent more than two decades in many locations around the world actively involved in the education and non-profit worlds. Her passion for orphaned children and youth brought her from Almaty to us in 2018. She joined the MAT team in January 2020. Oksana, recently married, lives with her husband in Northern California.