Гүлжамал 1991 жылы Өзбекстанда дүниеге келген. Ол әжесімен, әкесімен және анасымен бірге тұрды. 1995 жылы ағасы дүниеге келді және олар бақытты отбасы болды. 2006 жылы анасы егіздерді дүниеге әкеліп қайтыс болған кезде қайғылы жағдай болды. Әжесі анасының қайтыс болуынан көп ұзамай қайтыс болды. Сол кезде Гүлжамал небәрі 15 жаста еді, егіз бауырларына қарап, үй шаруасының бәрін өзі атқарды. Оның мектепке баруға уақыты болмайтын, сабақтарды көп жіберетін. Бір жылдан кейін әкесі қайтадан үйленді, ал жаңа әйелі ағаларына қамқорлық жасады. Гүлжамал 2010 жылы тұрмысқа шықты, оның күйеуі Қазақстаннан болғандықтан, олар көшіп кетті. Гүлжамал 2011 жылы ұлын, 2013 жылы қызын және 2015 жылы тағы бір ұлын дүниеге әкелді. Бір жылдан кейін күйеуі жол апатынан қайтыс болды. Күйеуінің туыстары Гүлжамалды өз үйлерінде қабылдамайтындарын айтты. Гүлмажамлдың әкесі де оны өз үйінде күтпейтінін түсінді. Ол жақсы адам деп ойлаған еркекпен қайтадан отбасы құратынын ойлап, тұрмысқа шықты. Алайда, ол еркек жақсы адам болмаған. Ол әйелін қорлап қорқытатын. Сондықтан өзін және балаларын қорғау үшін Гүлжамал қашып кетті.
Гүлжамалдың досы оған "Қамқор Жүрек" қоры қиын жағдайдағы аналарға көмектесетінін айтқаннан кейін, ол қорға жолықты. Оның жағдайын естігеннен кейін, "Қамқор Жүрек" оны қабылдап, тамақ пен киіммен қамтамасыз етіп, балаларын мектепке орналастыруға көмектесті. Жұмысы болмағандықтан, оған жұмыс берілді. Ол өте еңбекқор болды. Гүлжамал былай деп айтады: "Элизабет менімен күн сайын сөйлесіп, Виктория ағылшын тілінен сабақ беріп отырды. Олар бізге өте жақсы қамқорлық жасады. Балаларға арналған күн сайын әртүрлі ойындар мен іс-шаралар өткізілді. Бұл менің балаларыма өздерін қауіпсіз және тұрақты сезінуге көмектесті. Біз алғаш рет "Қамқор Жүрекке" келгенде, балаларым қатты күйзелісте болатын, ешкімге сенбеді, басқалардан қорқатын және жиі жылайтын. Ал қазір олар жақсы оқиды, өздеріне сенімді және өз ойлары мен сезімдерін еркін айта алады. Мен де қатты өзгердім. Мен аналарға арналған апта сайынғы тренингтерге бардым, онда өзімді қабылдауды және сүюді, өз-өзіме сенімді болуды, балаларыма қамқорлық жасауды, басқалардың пікірлерін ескеруді, балаларымды тыңдауды, басқалардан қорықпауды, ақшаны дұрыс басқаруды және тағы басқа дағдыларды үйрендім. "Қамқор жүрекке" келгенге дейін мен өте сенімсіз едім, қорқатынмын және басқаларға сенбейтінмін, көп жылайтынмын, эмоцияларымды басқара алмайтынмын. Мен баспанасыз және жалғыз қалған едім, бұрынғы күйеуім менің атыма алған несиесі де бар еді. "Қамқор жүрек" бізге тұрғын үй көмегін берді - біз қорда 6 ай тұрдық. Осы уақыт ішінде мен несиемді жаптым және өз пәтеріме көшуді жоспарлай бастадым. Мен "Қамқор жүрек" ұйымына, Элизабетке, Викторияға және қордың жұмысын қолдайтын баршаға өте ризамын. Олар маған қиын жағдайдан шығудың жолын көрмеген кезде, кімге сенерімді немесе кімнен көмек сұрарымды білмеген кезде көмектесті. Олар маған тұрғын үй, жұмыс, киім, тамақ, эмоционалдық қолдау көрсетті. Мен өзімді бағалы, қамқор, сүйікті сезіндім және психологиялық көмек алдым. Осылайша мен аяғыма тұрып, жақсылыққа сеніп, сенімді болып, балаларыма өзім қамқорлық жасай аламын".
Қазіргі кезде Гүлжамал "Қамқор Жүрек" қорында мұғалім болып жұмыс істейді және Күндізгі бағдарламаға қатысатын балалардың өміріне оң үлес қосуда.