THE ASTANA TIMES (Абира Қуандық, 17 шілде 2018 жылы) – Американдықтар Виктория Шарбону және Элизабет Турнок 2015 жылы Таразда "Қамқор жүрек" қорын құрды. Қордың негізгі мақсаты - балалар үйлерінің түлектеріне, жалғызбасты аналарға, мүгедек балаларға және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету. Қордың көмегімен отбасылар, аналар мен балалар гүлденіп, басымдықтары мен құндылықтарын өзгертіп, биік мақсаттар қоя бастады. (https://astanatimes.com/2018/07/kamkor-zhurek-changes-peoples-lives/)

Astana Times басылымы Викториямен сұхбаттасып, қорды қалай және неліктен құрғанын, сондай-ақ оның осы уақытқа дейінгі жетістіктері мен болашаққа арналған жоспарлары туралы білді.
"Қамқор Жүрек" әрбір баланың өз әлеуетін толық жүзеге асыра алуын қамтамасыз етуге тырысады, себебі оларға отбасылары мен басқа адамдардың көмектері қажет.
"Апта сайын біз шамамен 25 ана мен 30 баламен жұмыс істейміз. Кейбір аналар біздің қорда уақытша тұрады", - деді ол.
Жұмыс істейтін аналар балаларын қордың Күндізгі бағдарламасына сағат 9.00-дан 18.00-ге дейін жібереді. Сонымен қатар, қор әйелдерді киіз бұйымдарын жасауға үйретеді. Бұл оларға тек жаңа білім беріп қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік дағдыларды игеруге де мүмкіндік береді.
"Олардың кейбіреулері жазуды, оқуды, уақытты айтуды, негізгі математикалық есептерді шығаруды білмейді. Біздің әлеуметтік қызметкерлеріміз оларға өмірде қажет болатын осындай негізгі дағдыларды да үйретеді", - деп қосты ол.
Виктория Шарбону 2000 жылы әлеуметтік педагогтар делегациясының құрамында Қазақстанға 18 күнге келді. Ол балалар үйінде көмектесіп, 180 балаларды көріп, оларды бар жүрегімен жақсы көріп қалды.
"Мен осы елді және балаларды соншалықты жақсы көріп кетемін деп және өмірліқ мақсатым осы жерден табылады деп күтпеген едім", - деді ол.
"Мен Қазақстандағы әдемі адамдарға, олардың жылы шырайлылығы мен қонақжайлылығына, сондай-ақ Қазақстанның таңғажайып табиғатына ғашық болдым. Маған адамдардың отбасымен және достарымен уақыт өткізуді ұнататыны, күлуді, ән айтуды және билеуді ұнататыны ұнайды. Маған көптеген қазақ халқының айналасындағы әсем табиғатты жақсы көретіні және табиғат аясында уақыт өткізуді ұнататыны ұнайды", - деп қосты ол.

Кейіннен Виктория жыл сайын американдық Interlink Resources қайырымдылық ұйымы арқылы Таразға келіп тұрды. Ал 2009 жылы ол балалар үйлері мен балалар лагерлерінде жұмыс істеу үшін қалаға көшіп келді.
Олардың атқарып жатқан жұмысы арқылы, балалардың өмірінде қандай өзгерістер болып жатқанын басында байқамағанын атап өтті. Балаларға әлі де қосымша қолдау, өмірлік дағдылар және жайлы үй жағдайы қажет болды.
Оның әріптесі және досы - Элизабет Турнок, Викторияның көзқарасы мен жоспарларын құптады. Олардың армандары "Қамқор Жүрек" қордың ашылуына түрткі болды.
Шарбону балалардың қалай тез дамып жатқанын көрді. Олар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлеп, өте ақылды болып өсті.
"Мен аналардың да өсіп, білім алып жатқанын көрдім. Бізге келіп, қорда тұратын бір ана болды; басында оның жағдайы онша жақсы емес еді. Ол әйелде ауыр сколиоз, өркеш және ерін жырығы болғандықтан, біз оған АҚШ-қа ота жасатуға мүмкіндік таптық", - деді ол.
"Енді ол ұлына қалай қамқор болуды біледі. Қазір ол пәтер жалдап, жұмыс істейді. Ол ұлының болашағы, білімі және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ойлайды. Бұрын ол тек ұлының тамақ ішуін қамтамасыз ету туралы ойлайтын", - деп қосты ол.
Оған қоса, Виктория бір ана және оның Даун синдромымен ауыратын кішкентай ұлы туралы айтты.

"Ол әйел баласы сегіз айлық кезінде келіп, қорда тұрды. Бұрын ол ұлы үшін қорқатын. Қазір оның ұлы 2,5 жаста, ол сөйлеуді және серуендеуді жақсы көреді. Анасы ұлын бағалы бала деп санайды және оның қадірін түсінеді.", - деп айтты Шарбону.
Жақында ол жұмысқа орналасып, жаңа пәтер алды. Оның жаңа үйі жайлы болуы үшін, біз оған біраз ұсақ-түйек заттармен көмектестік.
"Ол әлі күнге дейін аптасына алты күн бізге келіп тұрады. Олардың өсіп-өнгенін көру маған қатты ұнайды. Ең бастысы - олардың болашағын жақсартуға үлес қосу", - деді ол.
Шарбону американдық мәдениеттің кейбір жағынан ерекшеленетінін айтты, өйткені ондағы адамдар бір адамның үлкен өзгеріс жасай алатынына сенеді, ал жеке адамдар бір-біріне көмектесу үшін бірге жұмыс істеуге тырысады.
"Қамқор Жүрек" қоры қазір толы және кеңейтуді қажет етеді. Қор жетекшілері күндізгі бағдарламаны басқа жерге көшіріп, көбірек аналар мен балаларды қабылдай алатын басқа ғимарат жалдауды жоспарлап отыр.

"Мүгедек балалары бар отбасыларды, қиын жағдайдағы отбасылар мен жалғызбасты ата-аналарды қабылдайтын отбасылық орталық ашқымыз келеді", - деді ол.
Сонымен қатар, Виктория қатар Наташа мен Сәулеге ота жасату үшін АҚШ-қа сапар ұйымдастырып, олармен бірге барды.
"Екі ота өте сәтті болды, ауруханадағы дәрігерлердің барлығы қызметтерін қайырымдылық ретінде көрсетті. АҚШ-та бізді қарсы алып, өз үйлерінде уақытша тұруға мүмкіндік берген отбасылар болды", - деп қосты ол.
Оған қоса Виктория, АҚШ-тың дәрігерлердің Алматыға сабақтарын өткізу және кейбір дәрігерлер мен пациенттермен жұмыс істеу үшін келгенін атап өтті. Ал Қазақстандық медицина қызметкерлері АҚШ-қа сапар шекті.
"Енді біз Даррин Хуберт дәрігерін және оның әріптестерін - анестезиологтар мен хирургиялық медбикелерді Қазақстанға әкелуді жоспарлап отырмыз. Олар барлық қызметтерін қайырымдылық ретінде жасап жатыр. Бізге тек олардың ұшақ билеттеріне қаражат жинау керек."

Дәрігерлер балалар үйлері мен аз қамтылған отбасылардағы кейбір балаларға ота жасауды жоспарлап отыр. Медициналық алмасу Қазақстандағы көбірек адамдардың болашағын жақсартуға көмектеседі деп санайды Виктория.
2016 және 2017 жылдары "Қамқор Жүрек" ұлттық "Алтын Жүрек" марапаты номинациясы үшін ұсынылды. Бұл жыл сайынғы марапат Қазақстанның дамуына қосқан үлесі үшін қайырымдылық ұйымдарына беріледі.
"Біз ол марапатты 2017 жылы жеңіп алдық. Бұл таңғажайып болды, себебі Қазақстан үшін айтарлықтай істер атқарып жатқан көптеген керемет адамдар мен ұйымдар болды. Біз шағын жоба болсақ та, сол жерде болып, көптеген керемет адамдармен кездесуге мүмкіндік алдық. Ол біз үшін үлкен тосынсый және құрмет болды", - деді Шарбону.
Оның пікірінше, әлеуметтік мәселелерді адамдар бірлесіп шешу керек.
"Егер біз бірлесіп жұмыс істесек, жағдайды өзгерте аламыз. Мен Қазақстанның әрбір азаматтың өміріне қамқорлық жасауда алдыңғы қатарда болуын қалаймын", - деп қосты ол.
Қосымша ақпаратты қордың Instagram-да @kamkorzhurek парақшасынан бақылай аласыз.
